01.02.2021 / Қазақстан

Көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді

Көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді

Пандемия Қазақстанға келген шетелдіктердің өмірі мен жоспарларына түзетулер енгізді. Тікелей көлік қатынасының болмауы, транзиттік жол жүру үшін шекаралардың жабылуы, әуе билеттерінің жоғары бағасы – осы факторлардың барлығы заңға бағынатын шетелдіктердің көпшілігіне белгіленген мерзімде Қазақстаннан кетуге мүмкіндік бермейді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елде уақытша болатын шетелдіктер мәртебесін заңдастыруға және Қазақстан заңнамасының бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік беретін шешім қабылдады.

Негізгі назар отбасымен қосылуға келген шетелдіктерге, құжаттардың қолданылу мерзімі өткен азаматтарға, сондай-ақ еңбек иммигранттарына аударылды.

Төменде іс-әрекет қолданылатын шетелдіктердің санаттары және олардың болу мақсаттары келтірілген:

- жол жүру құжаттарының, Шетелдіктің тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы визаларының, Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттардың қолданылу мерзімдері өткен немесе 2021 жылғы 5 маусымға дейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмай аяқталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кетуіне рұқсат етілді;

- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздері азаматы болып табылатын немесе тұрақты тұратын елмен тікелей көлік қатынасы (әуе, авто және темір жол қатынастары, сондай-ақ жаяу тәртіппен) және рұқсат етілген транзиттік жол жүру болмаған кезде шығарып жіберу туралы сот шешімін өз бетінше орындау мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрады;

- 2021 жылдың 5 маусымына дейін шетелдіктердің болу мерзімі (виза, уақытша тұруға рұқсат) ұзартылады:

1) еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты барларға немесе өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін жергілікті атқарушы орган берген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы ұсынады. Виза, уақытша тұруға рұқсат шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сапарының мәлімделген мақсатына қойылатын талаптар ескерілмей беріледі;

2) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы және азаматтығы бар елден құжаттар ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамдарға беріледі. Виза шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сапарының мәлімделген мақсатына қойылатын талаптар ескерілмей беріледі;

3) еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру-ұзарту, қайта ресімдеу туралы өтініш жасағандарға ресімдеу "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңының 43-1-бабы 2-тармағының талаптары ескерілмей жүзеге асырылады (еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үздіксіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.).

2021 жылғы 1 қаңтар мен 5 маусым аралығында құқықтық мәртебесін заңды негізде реттемеген шетелдіктер құқықтық жауапкершіліктен босатылмайтынын ескертеміз.

Өзгерістер енгізу туралы бұйрық: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022082

Дереккөз: https://polisia.kz/ru/v-mvd-soobshhili-ob-izmeneniyah-v-migratsionnom-zakonodatel-stve/

https://ratel.kz/kaz/v_mvd_soobschili_ob_izmenenijah_v_migratsionnom_zakonodatelstve_

https://nomad.su/?a=3-202101190028

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/151220?fbclid=IwAR2xuFSIzU2z7bdRnV...