07.11.2023 / Қазақстан

«Қазақмыс» компаниясының тау кеншісі шахтада жұмыс кезінде мерт болды

«Қазақмыс» компаниясының тау кеншісі шахтада жұмыс кезінде мерт болды
Өскемен. 6 қараша. ҚазТАГ – «Қазақмыс» компаниясының тау кеншісі шахтада жұмыс кезінде мерт болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

 ««Қазақмыс» компаниясы 2023 жылы 05 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды», – делінген хабарда.

 Хабарда айтылғандай, жұмысты орындау кезінде тау жынысы құлауы салдарынан 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алған.

 «Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда», – делінген хабарда

ҚазТАГ